- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Ұшқыш болғысы келетін...
Ұшқыш болғысы келетін бапкер
Футболдан Германия ұлттық құрамасының бас бапкері Йоахим Лев тілшілермен өткізген кездесуде 2015 жылға қойып отырған жоспарлары мен жеке арман-мақсаттарын айта кетті. 2014 жылы командасымен әлем чемпионы атағын жеңіп алған бапкер ұшқыш болғысы келеді екен.
- Бала кезімнен ұшқыш болуды армандағанмын. Мен әуеде ұшуға қызықтым. Ұшқыш болу қолымнан келетін, келмейтінін де сынап көрдім. Жеңіл ұшақтарға мініп, ұшу технологиясы мен теориясын үйрендім. Бірнеше рет Фрайбург қаласының үстінен де ұшып өттім. Ұшқыш болу – менің қолымнан келеді екен, - деді Йоахим Лев.
Білікті бапкер 2015 жылы ұшқыш мамандығының иелеріне берілетін лицензияны иеленіп қалуы мүмкін екендігін де жасырмады.
Айта кетейік, жақында ғана Йоахим Лев Германияда «жыл адамы» атанған болатын. Ол бұл атақты 2011 жылы да иеленген еді.
Сурет: hosszabbitas.hu
О. Сансызбай