- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Үміт марафоны...
Үміт марафоны
Канадалық Терри Фоксқа 19 жасында сүйек обыры диагнозы қойылып, оң аяғын тұтас кесіп алып тастайды. Терри үшін бұл ауыр соққы болды. Алайда, бозбала еш мойымай "Үміт марафонына" дайындала бастайды. Марафонның мақсаты – әр канадалықтан 1 доллардан болса да қаржы жинап, онкологиялық аурулар еміне көмектесу. Терри марафонға үш жыл дайындалды. Ол Атлант мұxитынан Тынық мұxитына дейін жүгіріп өтуді көздейді. Бүкіл Канаданы бір аяқтағы протезбен жүгіріп шығу оңай шаруа емес еді. Біраз шыныққан жігіт марафонды бастап кетіп, күніне орташа 42 шақырымнан жүгіріп отырады. Бірақ 143-күні 5373 шақырымнан кейін Терри марафонды доғарды. Себебі, ауруы асқынып, әрі қарай жүгіруге шамасы келмейді. Ақыры Тынық мұxитына жете алмаған Терри өзге, басты мақсатына жетеді. Оның "Үміт марафоны" 24 миллион доллар қаржы жинайды. Ал Канаданың сол кездегі xалқы дәл 24 миллион болған еді.
Қазір Канадада және әлемнің 50-ден астам елінде Терри Фокс атындағы марафон ұйымдастырылып жүр.
Massaget.kz