ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі биыл үшінші рет жеңімпаздарын анықтады. Бұл туралы ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ресми сайты хабарлап отыр.
Жоғары қауымдастық тарапынан тағайындалған «Елімжан» төсбелгісіне Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев ие болды. Марапаттау рәсімін ҚР ҰСТҚ құрметті президенті, генерал Қайрат Сатыбалды, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, ҚР Ұлттық телеарнасының төрайымы Нұржан Жалауқызы, Самұрық-Қазына ұлттық әл-қуат қорының атқарушы директоры Дархан Кәлетаев және ҚР ҰСТҚ президенті Бекболат Тілеухан жүргізді.
2015 жылғы «Алтын Тұғыр» марапатының иегерлері:
1. Көкпар спортынан: «Жыл үздігі» - «Әулие ата» командасы
2. Теңге ілу спортынан: «Үздік теңге ілуші» – Ғалымжан Ізжанов.
3. Жамбы ату спортынан «Үздік жамбы атушы» – Айкөз Ералхан.
4. Құсбегілік спортынан: «Үздік бүркітші» – Жалғас Әкімбеков
5. «Алтын Тұлпар» жеңімпазы :«Самалдың» иесі – Есбол Жаппасов
6. «Қазақ хандығына 550 жыл» мерейтойына арналған ат бәйгесінің жеңімпазы: «Тасқын» тұлпарының иесі – Болат Әбішұлы.
7. Қазақ күресінен: «Үздік балуан» – Бейбіт Ыстыбаев.
8. «Үздік жыл ұйымдастырушысы» – Ром Әуезхан.
9. Ұлттық спортқа еңбек сіңірген ардагер – Әмірғалиев Орынтай.
10. Аударыспақтан: «Үздік аударыспақшы» – Ерназар Жаппарұлы.
11. Ұлттық спортты үздік насихаттаушы ұжым – «Астана» телеарнасы.
12. Ұлттық спортты тұрақты насихаттаушы – «Kazsport» телеарнасы.
Сондай-ақ, ұлттық спорттың мәдени шараларына тұрақыт ат салысып жүрген өнерпаздар: Ескендір Ибрагим Әшімұлы, Досымжан Таңатаров, «Аламан» тобы, «Алаш ұлдары» тобы, Ардақ Балажановалар алғыс хатпен марапатталды.