Түсінбеушілік рингте шешілсін!

Түсінбеушілік рингте шешілсін!

Ендігі бір аз жылда отандық менеджерлеріміз ринг төрінен табылып жатса, таңғалмайық!

Өткен аптада Токиода “Executive Fight Night” (“Менеджерлердің айқас кеші”) өткен болатын. Әлемнің жеті елінен 14 ұжымның менеджерлері қатысты.

Өмірлерінде қаламнан ауыр зат ұстап көрмеген жоғары жалақылы кадр иелері ринг төріне шығуға келісім берген. Компания намысын қорғау жолында былғары қолғапты аямай сілтесіпті.

"Біздің мақсат -  менеджерлер арасында дене шынықтыруға арналған жаңа бастаманы көтеру. Дәл осындай айқастар әр күн сайын Вегастың түнгі клубтарында орын алып тұрады екен. Теңдесі жоқ әрі адам өміріне қауіп тудырмайтын айқастар ақ жағалылардың әлеуметтік өміріне рең, бояу сыйласа екен дейміз" - дейді  “Ginja Ninjas” компаниясының қызметкері.

Ринг төріндегі айқастың ұйытқысы болып отырған “Executive Fight Night” ұжымы. Аталған ұжымның бірнеше қызметкері бір күні кешкісін жұмыстан шыққан соң, арадағы түсінбеушілікті немесе шаршағандықты ұмыту үшін ринг төріне аттанған. Арты осыған әкеліп отыр екен.

Өмірлерінде бокс қолғабын киіп көрмеген менеджерлер жан аяспай шайқасқан көрінеді. Бокс тәлімгерлері үйреткен білікті ринг төрінде ұмытып кеткендері де болыпты. 

 

Cурет:www.intenews.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига