- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Тайсонның үздік деп...
Тайсонның үздік деп танылған 5 кездесуі
Бүгін, 30 маусым күні бокс тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі саналатын аса ауыр салмақтағы әлемнің ең жас чемпионы Майк Тайсон 48 жасқа толды. Мызғымас тұлғасы мен жойқын соққысының арқасында жанкүйерлері «Темір (ағылш.-«Iron») Тайсон» атап кеткен боксшының спорттағы және жеке өмірінде өкініш пен қайғы, қуаныш пен жеңіс қатар жүрді.
Тайсон бокс әлеміне өзі ғана келген жоқ, қайталанбас жұдырықтасу стилімен бірге келді. Ол рингте ұзақ уақыт өткізуді жаны сүймейтін. Өз сөзімен айтар болсақ: «Жекпе-жек 13 секундқа созылуы керек: 2 секунд қарсыласыңа жақындауға, 1 секунд соққы жұмсауға, 10 секунд төрешінің санағына кетеді».
Спорттық мансабы жолында жарты миллиард долларға жуық ақша тапса да, чемпионның бүгінгі қаржылық жағдайы мәз емес. Өзінің айтуы бойынша, қалтасында жөнді ақша да қалмапты. Оның үстіне мемлекетке ондаған миллион доллар қарыз екен. Сол себепті де ол қазіргі таңда өзінің «Бүкпесіз шындық» атты өмірбаянынан сыр шертетін қойылымымен АҚШ пен соған жақын елдерді аралап, түскен қаржының 100 пайызын үкіметке тапсырып отыр.
Назарларыңызға Майк «Темір» Тайсонның ең үздік деп танылған бес кездесуін ұсынамыз:
Майк ТАЙСОН – Майкл СПИНКС
Майк ТАЙСОН – Тревор БЕРБИК
Майк ТАЙСОН – Донован РАДДОК
Майк ТАЙСОН – Брюс СЕЛДОН
Майк ТАЙСОН – Ларри ХОЛМС
Майк ТАЙСОН – Эвандер ХОЛИФИЛД (Атақты «құлақ» оқиғасы), екінші кездесу
Нокауттар топтамасы
Оқи отырыңыз:
Майк Тайсон: қысқаша өмірбаяны, жетістіктері мен қанатты сөздері
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: ambox.su
Б. Қосмағамбет