Ағылшындық «Ливерпуль» клубының капитаны Стивен Джеррард команданың өз алаңындағы соңғы ойынына қатысты. «Энфильд» жанкүйерлерімен қоштасқан футболшы алдағы маусымда АҚШ елінің біріншілігінде өнер көрсететін болады.
Англия құрамасының намысын қорғаған жартылай қорғаушы «Ливерпуль» сапында 17 жыл доп тепті. Чемпиондар лигасы, Еуропа кубогы, Англия кубогы мен Суперкубогы, УЕФА Суперкубогы т.б. ірі додаларда жеңімпаз тұғырынан көрінді. Бірақ бір бұйырмағаны – Англия чемпионы атағы. Стивен Джеррард «Ливерпульдегі» спорттық мансабында Англия чемпионы атана алған жоқ.
Мерсисайдтық клубтың «аңыз» ойыншысы «Энфилдтегі» соңғы ойынын жеңіспен аяқтай алмады. «Кристалл Пэлас» клубы алаң иелерін 1:3 есебімен жеңіп кетті.