1.Швецияда 1920 жылы өткен Олимпиада ойындарында нысананы көздеп ату жарысында 72 жасар Оскар Сван күміс медальге қол жеткізіп, әлемдегі ең кәрі Олимпиада жеңімпазы атанды.
2. 1976 жылы Еуропа чемпионаты аясында Франц Бекинбауэр ГФР-ның намысын 100 рет қорғап, спорттық мансабын тәмәмдаған.
3. Спорттағы жасы ең үлкендер – бильярд чемпиондары. Алтын медаль иегерлерінің орташа жасы шамамен - 35,6.
4. NHL- ойындарының бірінде ең жылдам гол 3 секундта соғылған.
5. 1936 жылы Алекс Энрлих пен Панет Фаркаш үстел теннис ойынында бір шарды 2 сағ. 12 мин. бойы ойнатқан.
6. Манилде өткен шахмат Олимпиадасындағы АҚШ құрамасы: Ирина Левитина, Елена Ахмыловская, Анна Ахшарумова, Эсфирь Эпштейн. Жаттықтырушы: Александр Иванов.
7. 1936 жылы алғаш рет қорғаныс маскасын жапондық хоккей қақпашысы Танаки Хоим киген.
8. 1700 жылы Англияда бейсбол пайда болған.
9. Дойбы шахматтан үлкен.
10. Англиядағы Уэмбли стадионы тек футбол кездесулерін өткізуге ғана арналған. Бұл жерде жаттығу жұмыстарын жүргізуге болмайды.
11. АҚШ-та бильярд кең таралған ойындар тізімінің жетінші сатысында орналасқан.
12. Жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын әйелдердің орташа жасы – 20.
13. Үстел теннисіндегі шардың салмағы – 2,5 гр.
14. Бразилия - барлық футбол чемпионаттарына қатысқан әлемдегі жалғыз мемлекет.
15. Шахмат ойынында алғашқы төрт жүрістің 318 979 564 000 комбинациясы бар.
Бұл тақырыпты форумда талқылайық.
Сурет 7ba.ru сайтынан