1. Дойбы ойнында алғашқы жүрістің 7 комбинациясы бар.
2. «Теңіздегі ұрыс» ойнында кемелер 100 шаршының 22-де орналасады.
3. Кинода ең жиі кездесетін спорт түрі – бокс.
4. Бокс спорт ретінде ресми түрде 1900 жылы заңдастырылды.
5. НБА ойыншыларының 30 %-ы денелеріне татуаж жасатқан.
6. 1958 жылы Ямайкада үстел теннисінен өткен ұлттық чемпионатта Джей Фостер жеңімпаз атанды. Сол кезде Джей 8 жаста еді.
7. Майк Тайсон кәсіби спорттық мансабында 51 кездесудің 21-ін бірінші раундта накаутпен жеңді.
8. Ватиканда «Телепочта», «Ұландар», «Банк», «Кітапхана», «Мұражайлар құрамасы» сынды футбол клубтары бар.
9. Detroit Free Press жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша, кәсіби хоккейшілердің 68%-ы өмірлерінде кем дегенде 1 тісін жоғалтқан.
10. «Монополия» ойынының ең ұзақ партиясы 1680 сағатқа созылды.
11. Футбол добында 12 қара бесқырлы және 20 ақ алтықырлы фигура бар.
13. Шахмат ойнындағы «гамбит» термині итальяндық "dare il gambetto" - "аяқтан шалу" сөз тіркесінен пайда болды.
14. 1900-1920 жылдары «арқан тартыс» олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.
15. Бильярд кийінің минималды ұзындығы 142,5 см.
Сурет 7ba.ru сайтынан алынған