Соққан голын тойламаған 7 футболшы

Соққан голын тойламаған 7 футболшы

Криштиану Роналду

Атақты фуболшы Криштану Роналду өзінің бұрынғы командасы «Манчестер Юнайтедке» гол соқса да, оны тойламайтынына сөз берген еді. Берген уәдесінде тұра алды.

«Мен әрқашан жеңіске жеткім келеді. Тойламаған себебім МЮ-ді қатты сыйлайтынымда», - дейді португалдық ойыншы.

Робин Ван Перси

Адебайор «Арсеналға» гол соққанда, өзінің голын тойлауда «канонирлер» жанкүйерлері алдынан жүгіріп шыққан еді. Ал Ван Перси бұрынғы командасына соққанда, жай ғана екі қолын көтерген болатын.

«Мен «Арсенал» сапында 8 жыл ойнадым, ол жақта керемет кезеңдерді бастан кештім. Клубтың жанкүйерлерін, бапкерлерін, ойыншыларын, жалпы клубты  сыйлаймын, сондықтан голымды тойламадым» депті ол.

Райт-Филлипс

Райт-Филлипстің келбетіне қарап-ақ, оның қуана алмауы қиын екенін аңғаруға болады.  Бұл оның Премьер-Лигада өткізген 969 күніндегі алғашқы голы.

Гарет Бэйл

«Саутгемптонға» қарсы ойында гол соққан кезде Бейл оны тойламақ түгілі, туған клубының жанкүйерлеріне «жүрегін» көрсеткен еді.

Бұл өте эмоционалды сәт болды, бірақ, мен үшін өз жұмысымды орындау басты мақсат еді. Мен 9 жасымнан бастап «Саутгемптонда» болып келдім. Тойламаған себебім, бұрынғы клубымды сыйлайтыным».

Тео Уолкотт

«Саутгемптон» өз шәкірттерімен мақтана алады. «Саутгемптон» қақпасына кірген голдан тек Бэйл ғана емес, Тео Уолкотт та бас тартқан.

Дэниэл Старридж

Старридж «Манчестер Сити» академиясында тәлім алған, кезінде «қалалықтар» сапында да өнер көрсетті. Клубта өткізген күндер құрметіне Дэниэл «Этихадтың ысқырығына қарамастан, өзінің бұрынғы клубына соққан голын тойламады.

Марко Боррьелло 

Боррьелло "Ювентус" сапында бар болғаны 13 кездесу ғана өткізген. Алайда, туриндіктердің қақпасына соққан голын тойлаудан бас тартты.   

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: sport-express.ua

Ж. FM