- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Шумахер "шлеміндегі" жұмбақ...
Шумахер "шлеміндегі" жұмбақ шешілер емес (видео)
Кеше аты әлемге әйгілі неміс автошабандозы Михаэль Шумахердің құлау сәтіндегі көрініс интернет беттерінде пайда болды. Бұл спортшының шлеміндегі бейнетаспаға жазылған.
Естеріңізге сала кетсек, Мерибельдегі (Франция) шаңғы тебу алаңында оқыс құлаған Шумахердің басы тасқа тиіп, бас бөлігіне зақым келген болатын. Алғашында миы шайқалған деген диагноз қойылса, кейіннен бас сүйегінің бірнеше бөлігі сынғаны анықталған. Қазіргі таңда спортшының денсаулығын ми және арқа бөлігін зерттейтін институттың профессоры Жерар Сальян бақылауда. Спортшының алдағы өмірі туралы әр түрлі болжамдар айтылуда. Кей деректерге сүйенсек, Михаэль Шумахер мәңгі жан сақтау бөлімінде қалуы мүмкін. Ауыр жарақат алған автошабандоз жазылған күннің өзінде жарты дене бөлігі (бір аяқ, бір қол) қимыл-қозғалыс атқарудан қалмақ. Жақында ғана 45 жасқа толған даңқты тұлғаның денсаулығына әлемнің түкпір-түкпірінен алаңдап отырған жанкүйерлер тобы табылуда. Қазіргі таңда Гренобль ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр.
Интернет бетінде кеше пайда болған бейнетаспадағы көрініс осыған дейін француз тергеу орындарының құқығында болған. Дегенмен бейнетаспадағы көрініс пен спортшының аса ауыр халге душар болуының «жұмбағы» ашылар емес...
- Қазіргі таңда көптеген БАҚ Шумахерді жарыса жазуда. Әзірге француз дәрігерлері мен спортшының отбасы белгілі бір нақты емделу мен алдағы өмірі туралы ақпарат беруді құпия ұстап отыр. Француз тілшілері әлемнің жеті дүркін чемпионының жағдайы ауыр халінен беті қарай қойған жоқ деп жазса, бір топ тілшілер автошабандоз отбасы мен туыстары ақтық сапарға дайындығын бастап кетті деп жар салуда.
- Шумахер шлеміндегі бейнетаспадағы көріністен француз тергеу орындары нақты бір құлаудың себебін анықтай алмай отыр. Бәлкім анықтаса да, жасырын ұстауда. Шын мәнінде 2 минуттан тұратын бейнекөріністің қысқа нұсқасы интернет беттеріне шығып та үлгерді.
- Михаэль Шумахер тасқа аса жоғары жылдамдықта болмаса да, бар салмағымен соғысқан. Басындағы шлемнің екі бөлініп қалуы да мұның бір көрінісі. Ал шын мәнінде, спортшының тау-шаңғы курортының қауіпті аймағына қалай және кіммен барғаны жарияланбай отыр.
- Тағы бір болжам мен деректер бойынша, Шумахер құлаған бір балаға көмектеспек болған. Соған асығып бара жатып қар астындағы тасты байқамай сәтсіздікке ұшыраған. Ал бейнекөріністе мұндай жағдай мүлде жоқ көрінеді.
- Шумахер шлемінің екіге бөлінуін дәрігерлер 100 шақырым сағатына келе жатқан жылдамдықта орын алған деп айтқан. Ал бейнетаспада автошабандоз 20 шақырым сағатына жылдамдықпен қозғалған.
- Шумахердің құлау сәтін тау-шаңғы кешенінің неміс бір жұмысшысы смартфонына түсіріп алған көрінеді. Әзірге оның бейнекөрінісі мен өзі де құпия сақталып отыр. Әзірге ол жұмысшы қастандық жасады деген күдікпен ұсталып отырған да көрінеді.
- Михаэль Шумахермен бірге 14 жасар ұлы Мик те сырғанауға барған. Француз тергеу орындарының айтуынша ұлы әкесінен алыстау жерде жүрген. Оқиғаны кейіннен білген. Алайда істі қараушылар әлем таныған тұлғаның ұлынан көріністің ақиқатын сұрауға асығар емес. Ал әйелі спортшының отбасын мазаламауды өтінуде.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
О. Сансызбай