- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Шахматтағы «Ханшайым»...
Шахматтағы «Ханшайым»
Сіз шахматтағы «ферзь» фигурасының қалай «ханшайым» аталып кеткенін білесіз бе?
Ертеректе «ферзь» фигурасы «визирь» (бірінші министр) деп аталған. Және де визирь бар болғаны диоганальды түрде бір-ақ жүріс жүре алатын болыпты. Ал ХV ғасырдың орта шенінде шахмат ойынында бірнеше өзгеріс орын алады. Солардың бірі - «ферзь» фигурасы «ханшайым» деп аталып, шахмат тақтасындағы жүрісі ұзарады. Бір сөзбен айтқанда, ойын барысында шешуші фигураға айналып сала береді.
Шахматты зерттеушілер бұл өзгерісті тарихта болған оқиғалармен байланыстырады. 1469 жылы Кастилья ханшайымы Изабелла мен Фердинанд Арагонский некеге тұрады. Неке заңы бойынша, Фердинанд Кастилья жерінде тұрып, бұл елдің заңымен жүру керек болған. Тіпті, Изабелла ханшайымның рұқсатынсыз аттап басуға тыйым салынған.
Тарихқа көз жүгіртсек, Испанияның бірігуіне елеулі үлес қосқан бұл ханшайымның атынан тиын шығарылып тұрған. Осы еңбектерін ескерген жұрт оны «Шахмат Ханшайымы» деп атап кеткен екен.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: fabrikaglamura.ru
Л. Лига