Лондон Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевтің шаңырағында қуаныш. Боксшымыз бүгін үшінші қыздың әкесі атанды.
"Қазір мен өте қатты қуаныштымын, баланың денсаулығы, бәрі жақсы", - дейді Серік тілшілерге берген сұхбатында. Спортшының отбасы әзірше сәбидің есімін атаған жоқ.
Сонымен қатар, ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко шаңырақ көтерді. Дычконың өмірлік жар етіп таңдаған қызының есімі - Марина. Cпортшы той аяқталысымен, шетелде өтетін оқу-жаттығу жиынына ұшып кеткен екен.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: caravan.kz, baq.kz