Сабина – өз елінің патриоты!

Сабина – өз елінің патриоты!

Бүгін сұлулығымен қазақ атын танытқан волейболшы Сабина Алтынбекованың туған күні. 18 жасқа толып отырған аруды ғаламтор беттерінде құттықтап жатқан жанкүйерлерінің санында шек жоқ десек те болады.

Сұлулығымен ғана емес, спорттағы өнерімен де Сабинаның әлемді тамсандыруға зор мүмкіндігі бар. Осыған дейін қандай ұсыныстар түссе де спорттық мансабына нүкте қоймайтынын мәлімдеген қазақ елінің хас сұлуы әлемдік аренадағы додаларда еліміздің абыройын асқақтатқанды армандайды. Әрбір қазақстандық секілді, Сабина да – өз елінің патриоты! Оны әр кез дәлелдеп, танытып келеді. Үш тұғырлы тіл жобасын қолдайтынын жеткізіп қана қоймай, оған ат салысып та келеді. Сонымен қатар, Instagram әлеуметтік желісінде өз хабарламаларын үш тілде жариялап жүр. Жақында Сабина әлемнің түкпір-түкпірінен 349 мыңға жуық жазылушысы бар жеке парақшасына «өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін Республика Туын, Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз» - деп жазды. Massaget.kz порталы мен оқырмандары да өз елінің патриот спортшы аруына өмір жасың ұзақ болсын деп тілек білдіреді.

Cурет:instagram.com

О. Сансызбай