Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду спорттық мансабын MLS (АҚШ пен Канада чемпионаты) біріншілігінде аяқтағысы келеді. Бұл туралы goal.com хабарлап отыр.
- АҚШ – ғажайып мемлекет. Ол жақта халықтың футболға деген көзқарасы айрықша. Футбол үшін барлығын жасайды. Егер мен бұл елде футболдың дамуына септігімді тигізсем бұдан да керемет болар еді. Меніңше, бір күні MLS біріншілігінде де бақ сынайтын секілдімін, - деді футболшы.
Айта кетейік, Криштиану Роналду мен «корольдік клуб» арасындағы келісімшарт мерзімі 2018 жылдың жазында аяқталады. Ал осыған дейін футболшы Нью-Йорктен 18,5 миллион долларға үй сатып алған болатын.