- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Роналду 2018 жылғы...
Роналду 2018 жылғы әлем чемпионатынан кейін үйленеді
Фото:
pressball.by
Танымал футболшы Криштиану Роналду 2018 жылы үйленеді. Бұл туралы Португалияның "Correio da Manha" басылымы жазды.
Роналдудың шаңырақ көтеруі туралы ақпаратты басылым футболшының жақын туысқандарының сөзіне сүйене отырып хабарлаған. Шабуылшы Ресейдегі әлем чемпионатынан кейін үйленуді жоспарлап отыр екен.
Мадридтік клубтың көшбасшысы Джорджина Родригеспен отау тікпек. 21 жастағы испан сәнбикесі Роналдудың анасының көңілінен шыққан. Баласының да тілін таба біледі екен.
Айта кетейік, Роналду мен Джорджина Родригес 2016 жылдың ең үздік футболшысын анықтайтын салтанатты кешке бірге келген еді.
О. Сансызбай