Ресейлік "КАМАЗ-Мастер" командасы "Дакар-2013" раллиінің жүк көліктері сынында топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
14-кезең қорытындысы бойынша, бірінші орын Эдуард Николаевқа бұйырса, екінші және үшінші орынды сәйкесінше Айрат Мардеев пен Андрей Каргинов иеленді.
"Дакар-2012" жүк көліктері сайысының жеңімпазы голландиялық Жерар Де Рой жарысты төртінші болып аяқтады. Айта кетейік, бұған дейін құрамында Артур Ардавичус, Алексей Никижев және Нұрлан Тұрлыбаев бар еліміздің "Астана" командасы техникалық себептерге байланысты жарыстан шығып қалған еді. Былтыр "Астана" осы жарыстан қоламен оралған болатын.
Сонымен жарыстың қорытындысы төмендегідей:
"Дакар-2013" раллиі. Қорытынды есеп. Жүк көліктері:
1. Эдуард Николаев (Ресей, "КАМАЗ") - 39:41.43;
2. Айрат Мардеев (Ресей, "КАМАЗ") +37.10;
3. Андрей Каргинов (Ресей, "КАМАЗ") +37.57;
4. Жерар Де Рой (Голландия, "Ивеко") +41.16;
5. Мартин Коломы (Чехия, "Татра") +1:01.47;
6. Алеш Лопрайс (Чехия, "Татра") +1:16.10;
7. Питер Верслейс (Голландия, МАН) +2:32.09;
8. Марсель ван Влит (Голландия, МАН) +3:22.13;
9. Рене Кёйперс (Голландия, "Ивеко") +3:53.50;
10. Питер ван ден Бош (Голландия, ДАФ) +4:23.52
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: automir76.ru, mger2020.ru