Өткен аптада Виктория Азаренко Дохада өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын. Және сол жолғы финалда Серена Уильямсті тізе бүктіргеніне қарамастан, рейтингтің екінші сатысына түсіп қалып еді. Ал америкалық қара қыз көш басына қайта келген-тұғын.
Серена Уильямс ширек финалда Петра Квитовоны ұтпас бұрын, бір апта уақыт бұрын париждік клубтың офисінде Азаренко шақыртылып, команданың бірінші нөмірлі жейдесі тапсырылған.
Кейіндеу жартылай финалға шыққан Серенаны шақыртқан. Өз кезегінде бірінші нөмірлі жейдені табыс еткен.
Спорт әлемінде бұдан да басқа қызықтар жетерлік. Мәселен, 2011 жылы Дохада өткен турнирде «Ливерпульдің» жанкүйері Каролин Возняцки (сол уақытта рейтингтің үздіктері қатарында тұрған екен) Стивен Джеррардтың жейдесін киіп шыққан.
Атақты «Газпром» компаниясы Новака Джоковичке көп жылдан бері демеушілік етіп келеді.
Рафаэль Надаль Испания құрамасы мен мадридтік "Реал" командасына қолдау көрсетіп келеді.
Өздеріңіз көріп тұрғандай, Мария Шарапова кезінде Роналду ойнаған тоғызыншы нөмірлі жейдені киіп алыпты.
Ал Роджер Федерер оныншы нөмірлі жейдеге таңдау жасапты.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ntTxOkglU-c","width":"450","height":"240"});
сурет:eurosport.ru
Дайындаған: Уалихан Қосанбай