Бірқатар танымал футболшылардың ермегі туралы айта кеткіміз келіп отыр. Бос уақытта көңілдері нені қалайтыны бізге де жұмбақ.
* * * *

Робин ван Перси үстел теннисін ойнайды.

Лионель Месси - "Playstation" ойынының тұрақты ойыншысы.

Петр Чехтің ермегі – шет тілдерін меңгеру және дауылпаздарда ойнау.

Андрей Шевченко - гольф спорт түрін ойнаушы.

Криштиану Роналду ән тыңдағанды ұнатады және төрт жылдан бері бимен айналысуда.

Томаш Росицки гитараны жаны қалап тұрады.

Даниэль Аггердің дене сәніне ( татуировка) қызығушылығы бар және өз үстін өзі сәндейді.

Златан Ибрагимовичтің ермегі - балық пен аңшылық.

Майкл Оуэн жылқы баптағанды жақсы көреді.

Анатолий Тимощук - икон жинастырушы.

Дэвид Бекхэм семсерлесуді ұнатады.

Рио Фердинанд хип-хоп жазады.
сурет:sport-xl.net; luxlux.net; lenta-ua.net; www.guardian.co.uk
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига