- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Олимпиада жүлдегерлеріне 4,4...
Олимпиада жүлдегерлеріне 4,4 миллион долларға тең сый жасалды
Лондон төрінде өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне елімізде қыруар сый жасалып жатыр. Кейбір спортшылар теміркөлік мініп жатса, енді бірі пәтерлі болуда. Ақшалай сыйдан да спортшыларымыз құр алақан емес. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитеті жалпы Олимпиада ойындарында жүлдеге ілінген спортшылардың жалпы сый ақы мөлшері 4,4 миллион АҚШ долларына жеткенін мәлімдеді.
Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин Лондондағы жеңісінен кейін барлығы 760 мың доллар (шамамен 114 млн. тг.) сыйақы алған, ал Серік Сәпиев 478 мың долларға (70,7 млн. тг.) байыпты.
Ал ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза, Светлана Подобедова 420 мың доллардан (63 млн. тг) алған.
Александр Винокуровқа 350 мың доллар, ( 53 млн. тг), Ольга Рыпаковаға 313 мың доллар (47 млн. тг), Әділбек Ниязымбетовке 306 мың доллар (46 млн. тг.) сый жасалыпты.
Даниял Гаджиев, Гюзель Манюрова, Марина Вольнова 201 мыңнан 221 мың долларға дейін әмияндарын қампайтқан. Ақжүрек Таңатаров қоласы үшін 171 мың доллар сый алыпты. Иван Дычко болса, 130 мың доллар алған.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: newskaz.ru
У. ҚОСАНБАЙ