- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Мұхаммед Әлидің денсаулығы...
Мұхаммед Әлидің денсаулығы сыр берді
Бокс тарихындағы танымал америкалық боксшы Мұхаммед Әлидің денсаулығы сыр берді. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, 72 жастағы боксшының өкпесі қабынғаны анықталған.
Дәрігерлер жасаған мәлімдеме бойынша, бокс жұлдызының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Енді ғана асқынып келе жатқан дерттің алдын алуға болады екен. Жақын күндері ауруханадан шығатынын да хабарлап отыр.
Осыған дейін де аты аңызға айналған былғары қолғап шеберінің денсаулығы күрт нашарлағаны туралы айтылған-ды. Кейіннен боксшының өзі «twitter» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында денсаулығының қалыпты жағдайда екендігін мәлімдеген еді.
Айта кетейік, Мұхаммед Әли паркинсон ауруына шалдыққан. Аурумен күресу үшін оның 10-15 күн ашыққан кездері болған деседі. Ал дауасы жоқ дерттің меңдеп алғанына 30 жылдан да асқан. 72 жастағы даңқты боксшы қазіргі таңда арнайы дәрі-дәрмектер көмегімен емделіп келеді.
Сурет: bigpicture.ru
О. Сансызбай