Барлық кезеңнің әйгілі боксшысы Мұхаммед Әлидің туғанына 77 жыл толды. Спортшы 70 жылдық мерейтойының қарсаңында жеке өмірі мен спорттық мансабы жайлы кітап жазған. Назарларыңызға дәл осы туындыдағы Мұхаммед Әли кеңестерінен үзінділерді ұсынбақпыз.
1. Шыдамды бол
Боксты алғаш бастағанда мен жаттығу залында дайындық жүргізуді ұнатпадым. Тіпті, әр минутты жек көрдім. Алайда, бұл әрекетімнің қате екенін түсініп, өзімді іштей қамшылай бастадым. Өз өзіме: «Ешқашан берілме. Бұл уақытша қиындық. Тер төккеннің арқасында кейін нағыз чемпион сияқты өмір сүресің», - дедім. Осы сөздерді мен саған да айтқым келеді. Қазір шыда, өзіңе беретін бағаң жоғары болсын.
2. Арманда. Арманыңды іс жүзінде жүзеге асыр
Адам бір-ақ күнде чемпион атанбайды. Чемпиондық әу баста арман, қиял секілді дүниелерден басталады. Сіздің жеңіске деген ынтаңыз бар ма? Сізді мақсаттарыңыз үшін таңертең тұруға септігін тигізетін не нәрсе? Ол, әрине – арман. Әрбір чемпион арман-қиялдарының арқасында жетістікке жетеді. Чемпиондар мақсатына жетпегенше ешқашан тоқтап қалмайды, олар тоқтай алмайды! Сондықтан, сен де өз арманыңа жетпейінше тоқтама!
3. Өзіңді сендір
Айтқан әңгімеңе біреуді сендірмес бұрын, бірінші өзіңді сендіру керек. Біреу сендіргенді күтпе, өз-өзіңізді сендір. Әли әр кездесуінің алдында өз-өзіне іштей былай деп айтатын: «Мұхаммед Әлиді ешкім жеңген емес».
Біліп жүріңіз: Мұхаммед Әлиді жеңген 5 боксшы
4. Өзгер
Адамның елу жаста жиырма жастағы көзқарасы еш өзгермесе, онда отыз жылын бекер өткізгені. Кез келген адам өзгеру керек. Егер сені бір жыл көрмеген адам кездейсоқ кездесіп, «сен өзгеріпсің» десе, оған «рақмет» деп айт. Өмірде барлық нәрсе өзгеріске ұшырайды, өседі, жетіледі. Сен де өзгер!
5. Өз мүмкіндіктеріңді пайдалана біл
«Қиялы жоқ адам - қанатсыз құс». Біздің қанатымыз бар – ол біздің қиялымыз. Сондықтан, барлық мүмкіндіктеріңді дұрыс пайдалан! «Менің қолымнан түк келмейді» дей көрме. Керісінше, «Менің қолымнан бұл іс келеді» деп өз-өзіңді қамшыла. Сонда ғана жұмысыңда береке болады.
6. Алдыңа мақсат қой
Менің мақсаттарым мені әрқашан алға жетеледі. Сен де күн сайын алдыға мақсат қойып, дұрыс жоспар құруың керек. Күн бойынша жоспар құрсаң, әр күнде міндетті түрде бұрын соңды білмеген бір дүниені үйренуге талпын. Адамды алға сүйрейтін – санасындағы мақсаттары.
7. Қаражатты орынды жұмсай біл
Кез келген спортшы дайындықты жаттығу залында бастайды. Тер төккен адамнан сәйкесінше, мықты спортшы шығады. Атың шыққаннан кейін қалтаңа қаржы да бұрынғыға қарағанда молырақ түседі. Осы қаржыны адам сол кезеңде орынды жұмсай алмаса, оның арты жақсылыққа апармауы мүмкін. Мен өмірде көптеген адамды көрдім. Бір кісінің жолы бірден ашылып, күтпеген жерден қыруар ақшасы болады. Алайда, ол осыған дейін мұндай көп ақшамен жұмыс істеп көрмеген. Арада жарты жыл өтпей жатып, бұл кісі бірден тоқырауға ұшарады. Бұл жерде менің не айтқым келіп тұрғанын түсінген шығарсыздар. Ерте кезден бастап адам табысты болуға, табысты басқаруға бейімделу керек...