"Милан" мен "Барса" арасындағы ойында теледидар жөндеген ойыншы

"Милан" мен "Барса" арасындағы ойында теледидар жөндеген ойыншы

Париждік «ПСЖ» командасының сұрмерген шабуылшысы Златан Ибрагимович "Милан" мен "Барса" арасындағы ойында бірге отырып көруге барған әріптестерін кездейсоқ тап болған қысылтаяң шақтан оп-оңай алып шығыпты. Ол ойын барысында орын алған теледидардағы олқылықты жөнге келтіре алған.

Хавьер Пасторе мен Эсекиэль Лавесси бастаған "ПСЖ" командасының ойыншылары «Сан-Сиродағы» ойынды тікелей эфирде бірге тамашаламаққа бекінген. Содан не керек, ойын көркі қыза берген тұста теледидар экраны қызмет аясынан шығып кетіп, мейрамхана қызметкерлері әуре-сарсаңға түсіпті. Дәл сол тұста іс барысына Ибрагимович араласып, теледидардағы ақауды еш қиындықсыз жөнге келтіре алған.

"Ойын барысында күтпеген қиындықтар туындап еді. Бәр сәтке болса да теледидар экраны істен шығып қалған болатын. Міне, осы кезде Златан телевизор пультін өз қолына алып, тез жол тауып кетті. Ол барлық саланың білгірі екен!"- дейді мейрамхана иесі.

Златанның техникалық саладағы азды-көпті біліктілігінен соң, бәрі бірге отырып тамаша футбол спектаклін тамашалаған. Парижге бармай тұрып екі клубтың да сапында ойнаған Ибрагимович өз алдына ерекше ықыласпен көріпті.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига