Лондондық "Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Месут Озил Англияның төрінде қоныс тебуде. Неміс жігіті әнші Мэнди Капристо екеуіне Челси кварталынан қымбат үйлердің бірін жалға алыпты. Озилдің жаңа үйі алты бөлмеден тұрады және айлық ақысы 8 мың фунтты құрайтын болып отыр, деп хабарлайды elbalonrosa.
Германия ұлттық құрамасының ойыншысы тұратын ауданда Мадонна, Хью Грант, Мик Джаггер, Гвинет Пэлтроу және Кайли Миноуг секілді өнер жұлдыздары тұрып жатыр немесе тұрып кеткен.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
сурет: elbalonrosa.com