Каталондық «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси әйгілі аяқдопшы Ромарионың үстінен сот ісі қозғалатындығын алға тартыпты.
Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы "Алтын доптың" төрт дүркін иегері аутизммен ауырады және соның арқасында керемет ойын өрнегін көрсететіндігін жасырмаған.
"Мессидің әкесі менің үстімнен сот ісін қозғауға бел шешті дейді? Оның өз еркі," - деп туиттердегі парақшасында Ромарио жаза кетіпті.
Ромарио, Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы:
«Мессиде Аспергер синдромы бар екенін білесіздер ме? Бұл оған футболда толықтай жиналуға мүмкіндік беретін аутизмнің жеңіл түрі».
Аспергер синдромы – жетілудің бұзылуы. Мұндай жағдайда адамға айналадағылармен байланысу қиынға соғады, ол ебедейсіз келеді, ауру болуды стереотипті әрекет деп таниды. Аутизмнен Аспергер синдромының айырмашылығы – сөйлеу және түсіну мен білім алу қабілеті сақталады.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: sport.rbc.ru