Каталондық «Барселона» мен Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлеуметтік желіде әлем назарын аударған ауғанстандық бала Мұртазамен кездесті.
Ауғанстандық жас бала аргентиналық сұрмергеннің есімі жазылған «жейдені» полиэтиленді қаптан (пакет) жасап киген. Ғаламторға жүктелген сурет әлем назарын аударып, көп талқыланған-ды. Суретке танымал футболшының да назары ауып, баламен жолығып жейдесін сыйлауға ынта танытқан еді. Соның сәті Дохадағы «Барселона» мен «Аль-Ахли» командалары арасындағы жолдастық кездесудің алдында түсті. Футболшы Мұртазаны құшағына қысып, естелік суретке түсті.
Айта кетейік, осыған дейін футболшы Мұртаза Ахмадиге қолтаңбасы қойылған жейдені сый ретінде жолдаған болатын.