WBO жүйесі бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы танымал филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо ресми түрде баскетбол командасы құрамында өнер көрсетті. Ол «Киа Сорентос» сапында негізгі құрамда алаңға шықты.
Филиппин елінің баскетболдан 40-шы біріншілігінің ашылу кездесуінде Мэнни Пакьяо «Киа Сорентос» құрамында «Блэкуотер Элайт» клубына қарсы 7 минут ойнады. Былғары қолғап шебері командасына ұпай сыйламасы да, екі рет допта таласта үздік шықты. Танымал тұлғаның әр қимылына назар аударып отырған жанкүйерлер Мэнни доп ұстаған сәтте зор қошеметтерін көрсетіп отырды. Қорытындысында боксшы ойнаған клуб 80:66 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Мэнни Пакьяо 22 қараша күні америкалық боксшы Крис Алгеримен жұдырықтасады. Маусым алдында боксшының бапкері Фредди Роуч команда құрамында өнер көрсетуге рұқсат еткенімен, өзіне сақ болуды ескерткен болатын. Сонымен қатар, фииппиндік боксшы клубтың бапкері қызметін де атқарады. Осыған дейін ол «Киа Сорентос» тізгінін ұстаған болатын.
Сурет: eurosport.ru