Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында 25 қараша күні барлық қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаппай сырғанақ тебу шарасы болады. Шараны ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті «Кока-Кола» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
«ҚР Президенті күніне арналған бұл шара ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мен «Кока-Кола» компаниясы арасындағы көп жылғы серіктестік аясында өткелі отыр. Бұл денсаулық мерекесі кезінде мұз айдынға кіру ақысыз болады. Мақсат салауатты өмір салтын насихаттап, жұртшылықтың, әсіресе жастардың оған деген белсенділігін арттыру», - дейді Ақпараттық ресурс компаниясының директоры Андрей Кукушкин. Оның айтуынша, мұндай шара Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанада да өтпек.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: vesti.kz