- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Майк Тайсон шындығын...
Майк Тайсон шындығын жайып салды
Атақты былғары қолғап шебері бір кездері өз-өзіне қол жұмсап, өлгісі келгендігін мойындады. Бұл оқиға 2009 жылы Майк Тайсонның үйінде бақытсыз жағдайда 4 жасар қыз өмірден өткенімен байланысты.
"Мен өз-өзімді өлтіруді жоспарладым. Әр түні артық дозаны қабылдап, басым айналып кетуші еді. Уау! Мүлдем сенгім келмейтіні, содан кейін мен қалай тұрып кеттім екен" - деп NY Daily News Тайсонның сөзін келтіруде.
"Темір Майк" бұрынғы менеджеры Дон Кингпен болған арадағы дау-жандал төңірегінде де толығырақ айта кетіпті:
"Тіпті, егер ертеректе менде ақша болған, ал енді ешқашан менде болмақ емес. Менің қарызым жетіп артылады. Менің басымда салыққа қатысты қаншама қайран қалған сәттер болды, менеджерлер де жетіп артылып жатты, тағысын тағы толып жатыр.
Егер Кингтен бірнәрсеге үйренген болсам, онда мынаны үйрендім: өз спортшыларыңды алдап-арбау, өтірік айту, соңында барлық ақшасын алып, оларды көшеде қалдырып кету... Менің де басымнан өтті" - депті.
Ертеректе әйгілі боксшы бапкерлікпен айналысуға бел буған еді.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: sport.news.am
Л. Лига