- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Марадонаның үздік 10...
Марадонаның үздік 10 голы
25 қарашада Диего Армандо Марадона қайтыс болды. Әлем футбол аңызы 30-шы қазанда 60 жасқа толған мерейтойын атап өткен болатын. Назарыңызға Марадонаның үздік 10 голын ұсынамыз.
1. 1981 жыл Аргентина чемпионаты. Бока Хуниорс - Ривер Плейт (3:0).
2. 1982 жыл. Чемпиондар лигасы, Црвена Звезда - Барселона (2:4).
3. 1984 жыл. А сериясы, Наполи - Лацио (4:0).
4. 1985жыл. Италия чемпионаты. Наполи - Ювентус (1:0).
5. 1985жыл. Италия чемпионаты. Наполи - Верона (5:0)
6.1986 жыл. ӘЧ- 86, жартылай финал. Аргентина - Бельгия (2:0).
7. 1986 жыл. ӘЧ-86, 1/4 финал, Аргентина - Англия (2:1).
8. 1987 жыл. Италия чемпионаты. Наполи - Милан (2:1).
9. 1988 жыл. Италия чемпионаты. Наполи - Милан (2:3).
10. 1994 жыл. ӘЧ-1994, Аргентина - Греция (4:0).
Ал, Диего Марадонаның 1986 жылғы әлем чемпионатында Англияға қарсы матч кезінде қолымен соққан голы тіпті де танымал. Сондықтан бұл голды үздік он гол қатарына қоспай бөлек беруді жөн көрдік.
Мексикада футболдан өткен әлем чемпионатының ширек финалында, бойы аласа Диего допқа басымен жете алмайтынын сезіп, допты қақпаға қарай қолмен бағыттап жіберген. Арбитр алаң ортасына көрсеткенде, айналадағы қалың жұрт таң қалған. Бірақ, бұл шешімді өзгерту мүмкін емес еді. "Құдайдың қолымен" соғылған голдың арқасында таблода 1-0 есебі көрінді. Кездесу аяқталғанда, Марадона өз сөзінде былай айтқан еді: "Егер қол болса да, бұл Құдайдың қолы". Бұл сөз тіркесі халық арасында афоризм ретінде таралып, соғылған гол футбол тарихындағы ең таң қалдырарлық және ерекше голдардың біріне айналды. Осы орайда, ағылшындық БАҚ көздері бұл оқиғаны "сайтанның қолы" деп атап кеткен.
Арада 22 жыл өткеннен кейін Марадона бұл ісі үшін кешірім сұрап, былай деген: "Егер де менде өткен уақытқа оралатындай мүмкіндік болса, мен тарихты өзгертер едім. Ал маған тек кешірім сұрау ғана қалды. Болған іс болды. Аргентина Әлем Чемпионы атанса, мен Дүниежүзінің үздік футболисті атағын еншіледім".
1986 жылы Аргентина екінші мәрте Әлем Чемпионы атанды.
Т. Раушанұлы