Футбол тариxында Диего Марадона мен Лионель Мессидің аттары алтын әріппен сақталды (сақталып жатыр) десек артық айтқандық емес шығар. Біріншісі өткен ғасырдың соңында жасындай жарқылдаса, екіншісі бұрнағы күні дүрілдеп тұр. Бірі білсе, бірі білмес. Осы екі аңыз ойыншыны жаттықтырған бір ғана бапкер бар. Ол - Альфио Басиле.
Марадона. 1991 жылы Аргентина футбол федерациясы Альфио Басилені бас бапкер етіп тағайындайды. Оған себеп, соңғы жылдардағы құраманың нашар көрсеткіштері. Басиле құрамамен 1991 және 1993 жылдары Copa America турнирінде топ жарады. Айтпақшы, бұл Аргентина құрамасының осы күнге дейінгі соңғы жүлдесі.
Бірақ бұл турнирлерге Басиле Марадонаны шақырмады. Себебі, ол 15 айға футболдан шеттетіліп, сонымен қатар құрамадан кеткенін жариялаған. Дегенмен де 1994 жылғы АҚШ-та өтетін ӘЧ іріктеуінде Аргентина құрамасы Колумбиядан кейін өз тобында екінші орын алып, електеу сынына түсіп қалады.
Електеу сынындағы қарсылас Аустралия болды. Осы кезде футбол шенеуніктері мен жанкүйерлері Марадонаның құрамаға қайтып келуін талап етеді. Сөйтіп, Аргентина Марадонаның көмегімен әлем чемпионатына жолдама алады. Бірақ ол чемпионатта Аргентина жүрісінен жаңылды. Итшелеп жүріп топтан шыққанымен, сол кезде Марадонаның басы допинг дауына қалып, тағы футболдан шеттетіледі. Ал Аргентина құрамасы болса Румынтядан ұтылып, жарысты ертерек аяқтайды.
Месси. 2006 жылғы әлем чемпионатынан кейін АФФ Пекерманның орнына Басилені шақырады. Ол кездегі құраманың жұлдыздары Месси, Тевес, Айала, Рикельме, Милито болатын.
Дегенмен де бұл жолғы Басиленің қадамы сәтті бола қоймады. 2007 жылғы CA турнирінде Аргентина Бразилиядан жеңіледі. Ал 2010 жылғы ӘЧ іріктеу турнирінде сәтті ойнай алмай, 2008 жылдың 16 қазанында бапкер қызметінен кетеді.
Уалихан Қосанбай