ХХ ғасырдың аңыз ойыншыларының бірі Диего Марадона 1986 жылғы әлем чемпионатында Англия қақпасына қолмен соққан голын есепке алған төрешімен кездесті. Бұл туралы футболшының өзі «facebook» желісіндегі парақшасында хабарлады.
Диего Марадонаның қолмен соққан голын есепке алған Тунис елінің төрешісі Әли Беннасера бүгінде 72 жасқа келген. Футбол тарихындағы ең үлкен қателікке бой алдырған бас қазы Аргентина-Англия ойынынан кейін-ақ қызметінен қол үзген болатын. Ал аргентиналық шабуылшының голы «Құдайдың қолымен соғылған гол» деген атпен тарихта қалған еді.
Диего Марадона өзін «жарылқаған» төрешіге Аргентина құрамасының жейдесін сыйлап, құрмет көрсетті.