«Манчестер Юнайтед» пен «Реал» командалары жейдесін өзге клубтарға қарағанда көбірек сатады екен. Бұл туралы Sportingintelligence басылымы хабарлайды.
«Манчестер Юнайтед» және «Реал» ұжымдары жылына 1,5 миллиард жейде сатады екен. Бұл қос команданың спорттық киімдерін Nike және Adidas компаниялары тігеді. Ал каталондық «Барселона» жылына 1,15 миллион жейдесін сатады. Месси және оның командасының спорттық киімдерін Nike компаниясы тігеді.
Жейделері өтімді командалардың ондығы төмендегідей: 1-2. «Манчестер Юнайтед» – 1,4 миллион
1-2. «Реал» – 1,4 миллион
3. «Барселона» – 1,15 миллион
4. «Челси» – 910 000
5. «Бавария» – 880 000
6. «Ливерпуль» – 810 000
7. «Арсенал» – 800 000
8. «Ювентус» – 480 000
9. «Интер» – 425 000
10. «Милан» – 325 000
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: vk.com