- Негізгі бет
- Тұлғалар
- «Лестердің» ауыр дертке...
«Лестердің» ауыр дертке шалдыққан жанкүйері қаза болды
Фото:
eurosport.ru
Ағылшындық «Лестер» футбол клубының ауыр дертке шалдыққан аустралиялық жанкүйері Тони Скеффингтон қаза болды. Жанкүйер ажал алдындағы соңғы арманына жете алмады...
Тони Скеффингтон соқырішек обыры дертіне шалдыққан. Оның соңғы арманы – сүйікті клубы «Лестердің» чемпион атанғанын тамашалау болатын. Алайда ағылшындық клубтың аустралиялық жанкүйері бұл арманына жете алған жоқ. Ауыр дерті меңдеген Тони 20 сәуір күні бақилық болды.
Осыған дейін «Лестер» клубының ойыншылары науқасты қолдау мақсатында қолтаңбалары қойылған естелік сыйлық жіберген еді.
Айта кетейік, «Лестер» ағылшын премьер-лигасында көш бастап келеді. Лондондық «Тоттенхэмнен» 5 ұпайға озып тұр. Ал чемпионаттың аяқталуына 4 тур бар.
О. Сансызбай