Барселона футбол клубы Лионель Мессидің өмір жолына арнап, Леоның жүрегі атты мультфильм шығарды. 5 минутқа жетер-жетпес туындыда футболшының мансап жолы баяндалған. Мультфильмде футболшының кішкентай кезінде денсаулығынан кінәрат табылғаны (11 жасында оның ағзасынан соматотропин өсу гормонының жетіспеушілігі байқалды), арманшыл жастың Барселонаға сапар шегуі, қиын сәттерде кешегі өзі рух беретіні тамаша көрініс тапқан. Туынды адамда арман болса, оны ешкім тоқтата алмайды деген идеяны негізге алған. Месси футболшы боламын деген арман жолында өз мақсатына жетеді. Орыс тілінде: Айта кетейік, қазір Месси Аргентина құрамасымен бірге 6 күннен кейін Ресейде басталатын әлем чемпионатына дайындалуда. D тобында Исландия, Хорватия және Нигерия құрамасымен ойнайды. Алғашқы матч 16 маусымда Исландия құрамасымен өтеді.