Спорт әлемінде "қызыл түсті киім киетін спортшның жеңіске деген мүмкіндігі өте жоғары" деген қауесет шарықтап тұр.
Мұндай тұжырымды жасаған Сандерленд университетінің ғалымдары екен. Таяуда ғана Даниэль Фаррели бастаған ғалымдар тобы өте қызықты эксперимент жүргізді. Зерттеу сауалнамасына қатысқан 73 ер жігіттен қызыл түсті я болмаса көк түсті таңдаулары сұралған. Бәрін бастамас бұрын және сауалнама аяқталған соң тестостеронның мөлшерін өлшеу үшін қатысушылардың сілекейлерін сынаққа алынады.
Нәтижесінде, қызыл түсті таңдайтын еркектердің гомондары өте жоғары көрсеткішке ие болған және олар көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленеді екен.
Зерттеуші ғалымдар осылайша қызыл түсті киім киетін еркетердің тестостероны жоғары деңгейде болып, агрессивті мінез-құлыққа ие болатындығын айтып отыр. Бұл қасиеттер сәттілік пен жеңіске бастайды.
Бұл ойқорытуларды үлкен белестерді бағындырған бірнеше спортшы дәлелдеп отыр. Мәселен, еуропалық ең үздік клубтардың бірі "Манчестер Юнайтед" қызы түсті киім киеді.
Сондай-ақ Формула-1-дің ең мықты командаларының бірі «Ferrari»-дің түсі де қызыл келеді. Одан басқа, атақты гольфист Тайгер Вудс соңғы күндері алқызыл түсті жейде киетін болған екен.
Суреттер:byaki.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева