- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Күлкі де спорттың...
Күлкі де спорттың бір түрі
Адам күлкісі спорттың бір түріне айналуы мүмкін бе?
Бұл сұраққа күлкі саласының білгір маманы Альберт Неренберг: "Адамдардың бетінен ұру да спорт болып жатқанда, онда неге күлуден жарыс өткізбеске?" - деп қарсы сұрақ қою арқылы жауап береді.
Бәрін айт та бірін айт, күлуден өткізіліп жүрген чемпионаттар соңғы уақытта халықаралық трендке айналып бара жатыр. Мәселен, Жапония, Канада, Франция, Англия мен Аустрия секілді мемлекеттерде дәстүрлі жарысқа айналып үлгерген. Ал осы жылы Сан Диего қаласында (Калифорния, АҚШ) күлуден чемпионат болып өтті.
Жарысқа қатысушылар ә дегеннен-ақ бірінші күлкісімен адамдарды күлдіруге тырысады. Қорытындысында, "күлуден чемпион" деген атақ көпшілікті қыран-топан мәз қылып, езулерін жидыртпаған қатысушыға беріледі.
Төмендегі бейнебаянда - Америкада болып өткен чемпионат.
сурет:nurotau.kz
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига