6 қазан күні Хабиб Нурмагомедов Конор МакГрегорге қарсы өткізген жекпе-жекте жеңіл салмақта UFC чемпиондық атағын қорғап қалды.Өзінің жекпе-жекте жіберген қателіктері туралы және не үшін жеңіліп қалғандығы жайлы Конор МакГрегор инстаграмм парақшасына жекпе-жекті саралап жазды. Ирландиялықтың сөздері төмендегідей: Бірінші раунд. Меніңше, ұпайлар бойынша бірінші раундта мен жеңдім. Ол позицияны жоғарыдан ұстанды. Осыдан соң ешқандай соққы бермеді, ешқайда қозғалмады. Бірінші раунд менің пайдама жазылды. Мен оған бірнеше дәл соққы жұмсап, агрессивті әрекет еттім. Сол қолмен дәл соққы, тіземен басына, клинч кезінде ішіне тіземен бірнеше соққы жасадым. Қарсыласым раунд бойы аяғымен торға сүйеніп тұрды, дейді МакГрегор. Ирландиялықтың айтуынша, екінші раундта оған Нурмагомедов кездейсоқ түрде өте жойқын соққы жұмсаған. Бұл өте жақсы соққы болды. Осыдан соң бірден өзіме келіп, жауап соққы беруге тырыстым. Бірақ ол мен қысқан бұрыштан шығып кете білді. Ақылды тәсіл. Бұл оған екінші раундты өз пайдасына жазуға мүмкіндік берді. Тамаша!, дейді ирландиялық. МакГрегордың сөзінше, қарсыласы тік тұрған кезінде бірнеше соққы жұмсай алғанда төбелес тағдыры басқаша шешілуі мүмкін еді. Мен соққы жұмсауға көп дайындалмадым. Спарингте көп жұмыс жасамадық. Тек грэпплингке (күрес) дайындалдық. Партерде қорғануға көп көңіл бөлдім. Өзім шабуылға өтпедім. Бұл қателік болды. Және мұны ешқашан қайталамаймын.Ешкімді тыңдамаңыз. Өзіңіздің неге икемді екеніңізді біліңіз. Сол бойынша жұмыс істеңіз, дейді UFC-дің екі салмақ бойыншы бұрынғы экс-чемпионы. Ирланлиялықтың айтуынша, үшінші раундта ол жеңген. Төртінші раунд. Қалпыма келуім толыққанды жүрмеді. Бұл менің қателігім. Мен басында соққы жұмсауда жеңіске жеттім. Бірақ ол тағы да аяғыма жабысты. Мен ыңғайсыз жағдайда желкеммен торға қысылып қалдым. Шығып кетуге әрекеттендім. Онымнан түк шықпады. Осыдан соң үлкен қателік жасап, оған желке тұсымды беріп қойдым. Содан соң ол шеберлікпен таза, бүкіл жекпе-жек тағдырын шешкен тәсілмен мені жеңді, деп жазады МакГрегор. Оның жазуынша, жалпы жекпе-жек өте тамаша болған. Мен әлі қайтып келемін. Және бұрынғыдан да үлкен сеніммен. Максимал түрде дайын боламын. Егер маған реваншты дер кезінде беремесе де, өкінбеймін. Белдік үшін кейінгі үміткермен де төбелесуге дайынмын. Не болса да бәріне дайынмын. Бәріңізді жақсы көремін, құрметті менің жанкүйерлерім!, дейді Конор МакГрегор.