Қазақстандық спортшылардың балалық шағына саяхат

Қазақстандық спортшылардың балалық шағына саяхат
Фото: vk.com, facebook.com, instagram.com, vesti.kz

Адам өмірінің бақыты – балалық шақ. Адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезеңнің естелігі ешқашан ұмытылмайтыны рас. Бүгін, 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай қазақстандық спортшылардың балалық шағындағы суреттерінен сыр шерткелі отырмыз.

Қазақтан шыққан тұңғыш әлем және Олимпиада чемпионы – Жақсылық Үшкемпіров.

Екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпидасының жеңімпазы – Серік Сәпиев. Боксшы картада да жеңіске жетіп жатқанын бір аңғартқандай...

Талантты Денис Тен кішкентайынан-ақ талайды таңдандырған. 

2012 жылғы "Қазақстан барысы" – Бейбіт Ыстыбаев.

Әке жолын қуған ұл. Давид Лория.

Көзі көгерсе де боксты тастамаған Генадий келешекте чемпион болатынын ертерек сезсе керек.

Илья Ильиннің алғашқы жеңісті тұғырларының бірі. Болашақ әлем және Олимпиада чемпионы ортада тұр.

Ауыр атлетикадан әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері – Алмас Өтешов.

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров достарының ортасында. Оңнан санағанда төртінші тұр. 

Маңдайы торсықтай ұл кім екенін таныған боларсыздар? Бұл – Самат Смақов.

Олимпиада чемпионы – Светлана Подобедова. 

Алысқа көз тіккен ұл. Қазақ футболының жарқын жұлдызы – Бауыржан Исламхан. 

О. Сансызбай