"Дакар" көпкүндік жарысының ұйымдастырушылары қатысушыларды жарысқа тіркеп болған соң, додаға қандай нөмірмен қосылатынын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр жүк көліктері сынында "Астана" командасының "Камаз" көлігі қола медаль иеленген еді. Бұл жолы жарысқа жол талғамайтын көліктер категориясы бойынша Қазақстаннан үш көлік аттанады.
Сонымен қазақстандықтар келесі нөмірлерді иемденді:
Артур Ардавичус (жүк көлігімен) - 517
Андрей Чередников (жол талғамайтын көлігімен) - 406
Бауыржан Исабаев (жол талғамайтын көлігімен) - 409
Айдын Рақымбаев (жол талғамайтын көлігімен) - 410
"Дакар" раллиі 2013 жылдың 5 қаңтарында Перу астанасы Лима қаласында басталып, 20 қаңтарда Чилидің астанасы Сантьягода мәреге жетеді. Жарысқа берілген 15 күн ішінде спортшылар экватордың қырық градустық ыстығында тоғыз мың шақырымнан аса қиын жолды басып өтеді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: astanafans.com,