Қазақстандық команда "Дакар" жарысындағы нөмірлерін анықтады

Қазақстандық команда "Дакар" жарысындағы нөмірлерін анықтады

"Дакар" көпкүндік жарысының ұйымдастырушылары қатысушыларды жарысқа тіркеп болған соң, додаға қандай нөмірмен қосылатынын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр жүк көліктері сынында "Астана" командасының "Камаз" көлігі қола медаль иеленген еді. Бұл жолы жарысқа жол талғамайтын көліктер категориясы бойынша Қазақстаннан үш көлік аттанады.

588

Сонымен қазақстандықтар келесі нөмірлерді иемденді:

Артур Ардавичус (жүк көлігімен) - 517

Андрей Чередников (жол талғамайтын көлігімен) - 406

Бауыржан Исабаев (жол талғамайтын көлігімен) - 409

Айдын Рақымбаев (жол талғамайтын көлігімен) - 410

"Дакар" раллиі 2013 жылдың 5 қаңтарында Перу астанасы Лима қаласында басталып, 20 қаңтарда Чилидің астанасы Сантьягода мәреге жетеді. Жарысқа берілген 15 күн ішінде спортшылар экватордың қырық градустық ыстығында тоғыз мың шақырымнан аса қиын жолды басып өтеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: astanafans.com, 

Б. Қосмағамбет