- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Қазақстан премьер-лигасында ең...
Қазақстан премьер-лигасында ең көп ойынға қатысқан 10 футболшы
Қазақ футболының тарихында өз есімін қалдырған ойыншылар аз емес. Бүгін ел премьер-лигасында ең көп ойынға қатысқан ойыншылар туралы қызықты да қажетті дерек ұсынуды жөн санап отырмыз.
Қазақстан премьер-лигасында ең көп ойын өткізген футболшы - Нұрбол Жұмасқалиев. Ол танымал «Жетісу», «Тобыл», «Локомотив» командалары сапында доп тепкен. Премьер-лигада 496 ойынға қатысқан. Алдағы маусымда қостанайлық клубтың сапында бұл көрсеткішін арттырады деп сенеміз.
Ең көп ойынға қатысқан футболшылар арасында екінші орында марқұм Серік Жейлітбаев тұр. 2013 жылы ауыр дерттен көз жұмған футболшы ел біріншілігінде 457 ресми ойынға қатысқан.
Үштікке 430 ойын өткізген Самат Смақов еніп отыр. Осыған дейін «Ордабасы» ойыншысы ұлттық құрамадағы ең соңғы ойынын өткізген еді. Сондай-ақ ұлттық құрама сапында ең көп ойынға қатысқан футболшы да – Самат Смақов. Ұлттық құрама жейдесінде 75 рет жасыл алаңға шыққан.
Ең көп ойынға қатысқан 10 футболшы:
1. Нұрбол Жұмасқалиев – 496 ойын
2. Серік Жейлітбаев – 457;
3. Самат Смақов – 430;
4. Руслан Гумар – 424;
5. Данияр Мұқанов – 418;
6. Максим Самченко – 417;
7. Қайрат Әшірбеков – 399;
8. Ерлан Елеусінов – 398;
9. Нұркен Мазбаев – 397;
10. Андрей Барсуков – 394.