Алматының «Қайрат» клубының шабуылшысы Жерар Гоу Кот д’Ивуар астанасы Ямасукрода 5 000 балаға тегін сыйлық таратты.
2015 жылғы ел премьер-лигасының ең үздік шабуылшысы қайырымдылық шарасын туған өлкесі Абиджанда өткізді. Бұл туралы футболшы өзінің facebook желісіндегі жеке парақшасында хабарлады. Шабуылшы өткен жылы да мыңға жуық балаға жаңа жылдық сыйлықтар таратқан болатын.
Айта кетейік, Жерар Гоу өткен маусымда 22 гол соғып, ел чемпионатының үздік сұрмергені атанған болатын.