Қатерлі ауруға шалдыққан әйгілі спортшылар

Қатерлі ауруға шалдыққан әйгілі спортшылар

Бразилиялық әйгілі футболшы Ромарио «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Мессидің аутизм ауруынан зардап шегетінін және сондықтан мықты ойнайды деп айтқан болатын. Осы оқиғаға байланысты ауыр аурумен күресуге мәжбүр болған барлық танымал спортшыларды еске түсіруді жөн көрдік.

Мұхаммед Али
Диагноз:
 Паркинсон ауруы


«Мен 25 жыл қиналдым, төбелестім, соққыға төздім. Мен енді оны қаламаймын. Жетер», - ұлы боксшы Мұхаммед Али өзінің спорттық ғұмырын 1980 жылы 38 жасында осындай сөздермен аяқтаған болатын. Төрт жылдан кейін оның есту, сөйлеу қабілеттері нашарлап кеткендіктен, ауруханаға жатқызады және көп ұзамай оған Паркинсон ауруына шалдыққан деген диагноз қойылды. Ауруға қарамастан, боксшы қоғамдық іспен айналысуды жалғастыра берді. Мәселен, ол АҚШ елінің тұңғыш қара нәсілді президенті – Барак Обаманың инаугурациясына қатысты. 90-шы жылдардың соңында Паркинсон ауруын зерттейтін өз атымен аталған медициналық орталық ашты.

Вильма Рудольф
Диагноз: полиовирус


Өткен ғасырдың 60-шы жылдары американдық Вильма Рудольф әлемнің ең жылдам әйелі болды. Римде өткен олимпиада ойындарында спортшы әйел үш алтын медальға ие болды. Бірақ ешкім оның 12 жаста болған кезінде полиовирус семдіргенін білмеген еді. Ауру салдарынан Рудольфтың сол аяғы шамалы деформацияланған, сондықтан арнайы тоғынмен өнер көрсетуге тура келді. Бұдан бөлек, Вильма бала кезінде қызылша, қызамық, көкжөтелмен ауырған екен. Бірақ ол оған еш кедергі болмаған.

Карим Абдул-Джаббар
Диагноз: миелоидтық лейкемия


Карим Абдул-Джаббар – алаңда Майкл Джорданнан да асып түсетін адам – бірде қатерлі аурумен ауыратынын айтқан. 2008 жылы Джаббар туиттерде өзін 100 пайызға сау сезінетіні туралы жазған. Сыбыстарға сенер болсақ, ол бас сақинасымен ауырады екен және соның алдын алу үшін сора негізінде жасалған препараттар қолданады-мыс. Сондықтан болар, Абдул-Джаббар жиі заңмен байланысты проблемаларға ұрынып тұрады.

Тим Ховард
Диагноз: Туретт синдромы


Ховард бұрындары әлемдегі ең дарынды қақпашы ретінде есептелген болатын. Ол «Манчестер Юнайтед» қақпасын қорғаған болатын және мұнымен тоқтап қалуды көздемеді. Американдық футболшы бала кезінде Туретта синдромынан (неврологиялық бұзылу) зардап шегіпті. Қарапайым тілмен айтқана, жүйкенің еріксіз тартуы. Алайда 9 жасында Ховард аурумен күресе бастайды. Қазір Тим «Эвертон» және АҚШ құрамасының сапында өнер көрсетіп жүр.

Винус Уильямс
Диагноз: Шегрен синдромы


Әлемдік теннис жұлдызы жуырда өзінің аутоиммунды аурумен ауыратынын жария еткен болатын. Айта кетсек, аталған ауру шырышты бездерді секрецияландыратын азғындауды сипаттайды. Негізгі симптомдары – тез шаршау, буын сырқаты. Осы себепке байланысты Уильямс Үлкен шлемнің бірнеше ірі жарыстарын соның ішінде US Open жіберіп алған еді. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: creativejournal.ru, liderstvovseti.ru

Ж. FM