Касильяс:"Мені командада "қауын" деп атап кетті"

Касильяс:"Мені командада "қауын" деп атап кетті"

"Реалдың" қақпашысы Икер Касильясты командадағы әріптестері "қауын!" деп атап кеткен көрінеді. Осы туралы және де өзге ақпараттарды goal.com сайты мәлім етеді.

"Басым үлкен болғандықтан, командаластар мені "қауын" деп атайды. Және өстіп бекіп кетті", - деп Касильяс ағынан жарылыпты.

Айтпақшы, Роналду екеуінің арасындағы кикілжің туралы әңгімені жоққа шығарыпты. Сонымен қатар Икер корольдік клубтың ұжымдық деңгейде бір-бірімен қоян-қолтық араласатынын айтқан.

"Роналдумен мерекені бірге өткізу ме? Сөзсіз, мен оның еліне бірге барып, барлық шығынды өзім көтеретін едім. Командада Роналдо, Пепе және Коэнтраулар көбіне бірге жүреді. Әсіресе, құрамаға ойнауға кеткенде біте қайнасып кетеді. Өз кезегінде сапқа қайта оралғанда командамен тығыз араласып шыға келеді.

«Реалды" әңгімеге бастап, тіпті, қатардағы ең аз сөйлейтін, сөйлегенді ұната бермейтін Озилдің де көңілін сергітетін Марселоны айта кетсек жөн болар. Мен оған "ақтабан" деген ат қойып қойып та үлгердім... Бір айта кетерлігі, Серхио Рамостың Месутпен жиі әңгіме-сұхбаттасуға еркі бейім тұрады. Ұмытпай тұрғанда, Сами Хедира да Озил сияқты...", - деп сөз соңында айта кетіпті.

сурет:goal.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига