Бұл аңыз футболшы футболсүйер қауымға Кака есімімен жақсы таныс. Ал оның шын есімі - Рикардо Изексон дос Сантос Лейте екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Бүгін әлем таныған футболшы 32 жасқа толып отыр екен. Осы орайда бразилиялық шабуылшының өмірлік ұстанымдарын назарларыңызға ұсынамыз.
«Кака» деген атты ең алғаш маған кішкентай кезімде ағам айтатын. Кейіннен таралып кетті. Қазір үйде жарым «жаным» дейді. Ал мені жанкүйерлер Бразилияда – «Кака», Италияда – «Рикки» немесе «Рикардо» деп атап кеткен.
Маған футбол алаңында керемет өнер көрсеткенмен қатар, оны сырттан бақылаған да ұнайды.
Менің жанымда жүрген адамдар ғана менің қандай адам екенімді біледі.
Роналду – әлемдегі ең ақылды әрі ұлы футболшы. Біз достармыз. Кездескен уақытта кез келген әлемдегі оқиғалар жайлы көзқарасымыз бір жерден шығып тұрады.
Маған «Миланнан» кету ауыр соқты. Үйімнің алдына тізілген жанкүйерлер менің кетпеуімді өтініп тұрып алды. Алайда ертерек қабылданған шешім кері қайтпайтын еді.
Маған ата-анам көп көмектесті. «Егер футболшы болғың келсе, көп еңбектен. Еңбек қана сені арманыңа жеткізеді», - дейтін.
Егер мен футболшы болмасам, әкеммен бірге инженер болатын едім.
Рауль мен «Реал Мадрид» - егіз жандар секілді. Ол – нағыз клубтың символы.
Мен футболмен өмір сүретін адаммын. Кәсіби футболшы өзін жасыл алаңда ғана емес, кез келген жерде өнерімен тамсандыра білуі тиіс.
Кака отбасымен
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: spletnik.ru, sports.ru