Жапондықтар ойлап тапқан унитаз-қақпашы

Жапондықтар ойлап тапқан унитаз-қақпашы

Жапония - жоғары технологиялық ел. Және бұл елден шыққан кез келген зат дизайны мен функциналдық мүмкіндігі жағынан көш ілгері тұрады. 

Ең қызығы сол, жақында "TOTO" компаниясы унитаздың жаңа түрін ойлап шығарды. Бұған дейін унитаздың бар қызметі ағза заттарын құбырға жөнелтіп тұру ғана десек, онда қатты қателесіп келген екенбіз. Міне, осы олқылықтың орнын жапон ғалымдары толықтыруда. Олардың ойынша, жаңа заманың унитаз екеш унитазына дейін басқа қырынан танылуы тиіс.

Сынақ барысында, жергілікті командадан мықты дейтін бір ойыншы шақырылды. Қақпа торына доп тоғытудан шаршамайтын мықтымыз бұл жолы дәрменсіз болып шықты. Бір сөзбен айтқанда, унитаз-қақпашы ол тепкен доптың бәрін бірдей қақшып алып, өз қақпасын кіруі мүмкін голдан сақтап қала алды. 

Енді азды-кемді құрылысына тоқтала кетсек. Онда унитаздың жоғарғы жағында қос бірдей бейнежазба орналасқан. Осы бейнежазба қақпаға бағытталған доптың бағытын айырып, бағдар тануға көмектеседі.

Ұшқан доптың бағытына қарай унитаз ішінен доп ұшып шығады. Қаншалықты жылдам болса да, қақпашының "қолы" дер кезінде ойыншының бар ойын жоққа шығарады. 

Әлемді таңғалдыру жапондықтардың қолынан келіп тұр. "Күншығысы елінің" мамандары технологиялық прогрестің арқасында бәрін ойлап тауып жатыр.

сурет:tototototo.to

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига