- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Испан басылымдары Роналдуға...
Испан басылымдары Роналдуға «қалыңдық» іздей бастады
Испан басылымдары Криштиану Роналду мен Ирина Шейктің айырылысып кеткенін хабарлағаннан кейін, португалдық футболшының жаңа сүйіктісін іздей бастады. Бірі – клуб ішінен іздесе, екінші бір басылымдар «Реал» шабуылшысының сүйіктісін Украинадан тауыпты.
«La Nueva Espana» басылымы Криштиану Роналдуды «корольдік клубтың» тележүргізушісі Лусия Виллалонмен көңілі жарасып жүргенін жазуда. Басылым хабарына сүйенсек, футболшы «Алтын допты» иеленіп қайтқаннан кейін-ақ жүргізушіге көз қиығын салған. Ал Лусия Виллалон болса, «instagram» әлеуметтік желісіне екеуінің бірге түскен суретін жүктеген көрінеді. Бірақ, 26 жастағы тележүргізуші бұл ақпарат туралы түсінік беруден бас тартып отыр. Ол тілшілерге «біз арнамызда махаббат хикаясы жайлы емес, спорт туралы ақпарат айтамыз» деп жауап берген.
Португалияның «Express» газеті мен Испанияның «Diario Gol» басылымы Роналдуды украиналық сәнбике Яра Хмиданмен кездесіп жүргенін хабарлауда. Қазіргі таңда ол Нью-Йорк қаласында тұратын көрінеді.
Әлем басылымдары Криштиану Роналду мен Ирина Шейктің махаббат хикаясына бес жылдан кейін нүкте қойылуының себебін сан қырынан талқылауда. Бірі – ресейлік сәнбикені футболшының анасының туған күніне келмегенімен байланыстырса, екінші бір басылымдар Ирина мен белгілі актер Дуэйн Джонсон арасындағы қарым-қатынас себеп болған деп те жазуда.
Сурет: sport.news.am
О. Сансызбай