Екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Илья Ильин кезекті жаттығуларының бірінде серпе көтеруден 250 келіні бағындырды. Бұл туралы спортшының өзі «instagram» желісіндегі парақшасында хабарлады.
- “Кешкі жаттығу. Серпе көтеруде – 250 келі. Әлем рекорды!!!” - деп жазды спортшы өз парақшасында.
Айта кетейік, 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Илья Ильин жұлқа көтеруде 190 келіні еңсерсе, серпе көтеруде 242 келіні ырқына бағындырып әлем чемпионы атанған еді. Сондай-ақ екінші жаттығуда (серпе көтеруде) әлем рекордын орнатқан еді.