- Негізгі бет
- Тұлғалар
- Илья Ильин: «Бүгінгі...
Илья Ильин: «Бүгінгі хабар мені есеңгіретіп тастады»
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин допинг дауы мен Олимпиада чемпионы атағынан айыруына байланысты Астанада ресми баспасөз мәслихатын өткізді. Шара барысында спортшы тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.
Илья Ильин ХОК шешімін бұқаралық ақпарат құралдарынан естіген
- Маған қолдау білдіргендеріңізге алғыс айтамын. Бүгінгі БАҚ жаңалығы бір есеңгіретті. Халқымның қолдауына рақмет. Мені қолдайтындардың барлығына алғыс білдіремін. Мен тірімін. Жеңіс те болады. Мүмкін үлкен болмаса да...
Алға жылжу керек. Шет тілінде оқуымды жалғастырамын. Ал Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында жұмыс жасаудан бас тарттым. Менің біреуге кеңес беруге құқығым жоқ... Мен онда жұмыс жасамаймын.
Спортшы медальдарын қайтарады
- Мен ресми шешімде не жазылғанын білмеймін. Көпшілік медальдарын қайтармайды деп айтып жатыр. Мен бірақ Бейжің Олимпиадасының жүлдесін Шимон Колецкоға неге бермеймін? Ол – менің жақын досым. Жарыстарға бірге дайындалдық. Қонақ ретінде барып, табыстаймын. Ал Лондон Олимпиадасының кімге берерімді білмеймін. Себебі, тоғыз орынды иеленген ауыр атлеттердің барлығы допинг қолданғандар тізіміне іліккен. Ал оныншы орын алған спортшы сынама тапсырмаған. Кімге берерімді айтар. Өкінішке орай, қайтару керек.
Илья қайта орала ма?
- Аппеляция туралы ойланатын боламын. Бүгін бәрі аяқталғандай көрінді. Бірақ үміт те жоқ емес. Әртүрлі жолмен қимыл жасау керек. Мүмкін қорғаушыларды ауыстыру да керек шығар. Қауымдастықтың қорғаушылары ештеңе айтып жатқан жоқ. Маған зілтемір көтерген ұнайды.
Мен Қазақстан Республикасына қызмет еттім. Ал жағдай осындай болып отыр. Өмір бойы еңбектенесің, сөйтесің де соңында өзің кінәлі болып шығасың...
(Айта кетейік, спортшыға қолданылатын жазаның мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) анықтайды)
Ильяның қандай жоспары бар?
- Мен әзірге командадан кеттім. Менің коммерциялық бағытта команда құрғым келеді. Көктемде жігіттермен сөйлесіп көретін боламын. Жастарды шақырып жаттықтырғым келеді.
Менің басымда «Бекем бол Илюха» деген ой тұр. Мұндай жағдайда ересектік танытып, үш есе ақылды болу керек. Бүгін жеңілгеніммен, осыған дейін ешкімнен жеңілген жоқпын. Алдағы 10 жылда да ешкімнен жеңілмеймін. Сосын көре жатармыз.
Анамның сұлулық салоны бар, мұнда да іс бастағым келеді. Кішігірім дүниеден бастағым келеді. Бірақ бұл әзірше ойларым ғана, отбасы бизнесі.
Айта кетейік, бүгін ХОК қазақстандық ауыр атлетті қос бірдей Олимпиада чемпионы атағынан айырған еді.
О. Сансызбай