Футболдан Швеция ұлттық құрамасы мен Париждің «ПСЖ» клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович алаңға жүгіріп шыққан жанкүйерге жейдесін сыйлады.
Жанкүйерлер күтпеген оқиға Франция біріншілігінің ХVIII тур ойынында орын алды. «ПСЖ» клубының «Лионмен» өткізген ойынынан кейін алаңға жүгіріп шыққан жанкүйер Златан Ибрагимовичке құрмет көрсетуге ұмтылған. Футболшы болса жанкүйерді кеудесінен кері итермей, жейдесін сыйлады.
Айта кетейік, ойында «ПСЖ» қарсыластарын 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Златан Ибрагимович дубль авторы атанды.